Мамандық коды | Мамандық атауы | Біліктілік коды | Біліктілік атауы | Оқыту мерзімі |
---|---|---|---|---|
07230100 | Есептеу техникасы және ақпараттық желілер (түрлері бойынша) | 3W06120102 | Компьютерлік аппараттық қамтамасыз ету операторы |
«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандықтарының білім алушыларына берілетін білімнің басты артықшылықтарына: Аппаратты - бағдарламалық кешендердің сәулетін және қолданушы интерфейсін ұйымдастырудың негізгі принциптерін жобалау, кәсіби іс-шаралар сұрақтарын тиімді шешу үшін өңдеу үдерісін ұйымдастыру және бағдарламалық қамтамасыз етуді құру кезінде инструменттік, бағдарламалық технологияларды және есептеу техникасының жабдықтарын таңдау, есептеу жүйелерін, кешендерін және желілерін құру барысында аппаратты және бағдарламалық жабдықтарды кешендеу әдістері мен тәсілдерін қолдану, есептеу техникасы және компьютерлік жүйелердің жүйелік, инструменталды және қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуді баптау және оларға қызмет көрсету, бағдарламалық өнімдерді қолдау және оларды ақпаратты өңдеу және басқару үдерісінде әр түрлі есептерді шешу үшін қолдану.
1304000 - «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бітірушілерінің негізгі дағдылары:
ғылым, техника, экономика және өндірістің әртүрлі салаларында бағдарламаларды әзірлеп, қолдау, аппараттық құралдарды орнату және жөндеу, дерекқорлар мен веб-сайттарды жасау;
компьютерлерді, бағдарламалық қамтамасыз етуді, техникалық және технологиялық жүйелерді және әртүрлі желілерді қолдана отырып, математикалық, ақпараттық және техникалық қолдауды әзірлеу және пайдалануды жүзеге асыру;
компьютерлік жүйелерді модельдеу, зерттеу және жобалау және оларды өңдеу және басқарудың кіші жүйелері үшін заманауи бағдарламалау тілдерін қолданады.
Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығы бойынша оқытылатын негізгі пәндер:
- Компьютерлік графика
-Қолданбалы бағдарлама пакеттері
-Кеңселік қосымшалардағы бағдарламалау
-Компьютерлік техника операциялық жүйесі
-Компьютерлік техника ақпараттық қамтамасыз ету
-Компьютерлік техника пайдалану
-Сандық әдістер
-Алгоритмдеу және бағдарламалау
-Объектілі – бағытталған бағдарлау
-Web бағдарламалау және Интернет технологиялар
-Компьютер құрылғыларын жөндеу және техникалық күтімі
-Ақпаратты қорғау негіздері
-Autocad бағдарламалау тілі